Приветствую ВасГость | RSS
Вторник, 03.11.2026, 09:10

«Областная специализированная балетная школа для одаренных детей»

Главная » 2015 » Январь » 30 » Жаңа бақыт - Жаңа жыл.
11:56
Жаңа бақыт - Жаңа жыл.

Жаңа жыл қуаныш пен шаттыққа толы мереке. Дәл осындай мерекені Балет мектебінің оқушылары 30 желтоқсан күні Семей қаласының Абай атындағы театрында атап өтті. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебінің 2 мамандандырылған сыныбы мерекелік шараға үлкен қуанышпен барды.

Аталған мерекелік шара балалар мен ата-аналары үшін бақыт сыйлаған кеш болды. Алдымен балалар үшін Жаңа жылдың басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен көрініс қойылды. Көріністегі әрбір кейіпкер балаларды жылулық пен үлкен қуанышқа бөледі. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға арналған тақпақтары мен ән шашуларын жолдады. Барлық бала өздеріне арналған сыйлықтарын алып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

         Балалар мерекелік кешті  «Үшкір мүйізді бұзау» атты ертегіні тамашалаумен жалғастырды. Ертегінің сиқыры балаларды да, ата-аналарды да баурап әкетті. Ертегінің желісі өте қызықты және тартымды болды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қуанып, бірге шаттанып отырды. Барлық көрермен қауым ертегі әлеміне аз уақытқа  «барып қайтты». Жаңа жылдан ерекше оқиға күтетеін балалар осы күні көңілді өткізіп, мерекені жақсы қарсы алды. Өз өмірлеріндегі осы Жаңа жыл өзіндік орынымен есте қалды. Естелікке суретке түсіп, жақсы оймен үйлеріне тарқасты. Ата-аналар мен балалар тек жақсы тілектермен бөлісіп, жақсы көңіл-күйде болды.

Просмотров: 1609 | Добавил: Ildarenok | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Copyright MyCorp © 2026
Создать бесплатный сайт с uCoz